Популярные тэги

Қасиетті Рамазан айы басталды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады.


19/02/2026
09:53 55 0

Президент өз құттықтауында Рамазан айының күллі мұсылман қауымы үшін айрықша рухани мәнге ие екенін атап өтті. Оның айтуынша, бұл ай адамзатты рухани тазаруға, сабыр мен төзімге, жанашырлық пен қамқорлыққа үндейді.

«Ораза азаматтарды шыдамдылық пен төзімділікке шақырып, халқымыздың бойына қарапайымдылық, жауапкершілік және адалдық сынды асыл қасиеттерді сіңіреді», – делінген құттықтауда.

 Мемлекет басшысы қазіргі жаһандық ахуал күрделі кезеңнен өтіп жатқанын атап өтіп, Рамазан айының рухани құндылықтарын кемел санамен қабылдап, оның терең мағынасын түсінуүлкен имандылықтың белгісі екенін айтты.

 

Президент Қазақстанның тарихи жаңғыру кезеңіне қадам басқанын да тілге тиек етті. Жаңа халықтық Конституция жобасының республикалық референдумға шығарылғанын айтып, бұл құжат елдің даму бағытын айқындайтын маңызды Негізгі Заң болатынын жеткізді.

 

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев дәстүрлі рухани-мәдени құндылықтарды сақтай отырып, Құқық пен Заң үстемдігі, Тәртіп пен Тазалық, Әділдік пен Отаншылдық қағидаттарына негізделген жаңа қоғам қалыптастыру міндеті тұрғанын атап өтті. Оның айтуынша, бұл ұстанымдар Рамазан айының мәңгілік тағылымымен толық үндеседі.

Поделиться

Нет комментариев.

19/02/2026 09:53
55 0

Уведомление